bs-preloader__icon
 
Отандық сабын туралы не білеміз?

Сабын – сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған қоймалжың сұйық зат. Бұл сөз тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқан. Гигиеналық, өнеркәсіптік мақсатта қолдануға арналған. Күнделікті өмірде пайдаланып жүрген сабын туралы білетініміз көп пе? Бір қарағанда, тұрмыста жиі қолданатын, аса мән берілмейтін құрал деуге болады. Бірақ адам өмірінде алатын рөлі үлкен. Себебі дене тазалығын сақтаудың негізгі гигиеналық құралы – сабын. Адам орташа есеппен алғанда күніне 3-4, жылына 1460 рет қолын жуады екен. Сондықтан кез келген адам бұл маңызды тазалық құралы жайында білгені дұрыс.

Жақында отандық журналистермен Алматы қаласында орналасқан сабын жасайтын «Sulu» зауытына бардым. Sulu – қазақстандық өнім, еліміздің ең бірінші және жалғыз әлемдік стандарттарға сай иіссабынын жасайды. Компанияның негізі 2013 жылы қаланған, 2014 жылдан бастап өнім шығарып келеді. Неліктен сабын атауын «Sulu» деп қойған? Себебі сұлулық тазалықтан басталады.

Сабындардың құрамында пальма майынан жасалған гранулалар болады. Гранулалар сабындардың негізгі бөлігін құрайды. Сол гранулалар бірнеше аппараттан өтіп, соңында жып-жылы сабын болып шығады. Бір сабынды жасауға 20 минут кетеді. «Sulu» сабындарының гранулалары Индонезия және Малайзия елдерінен әкелінеді. «Sulu» зауыты 26-дан астам сабын түрін шығарады. Косметикалық, антибактериалды, шипалы, ылғалдандыратын және тағы басқа түрлері бар. 2016 жылдан бастап балаларға арналған «Sulu bаbу» сабыны шыға бастады, қазіргі атауы – «Sulu sаbі». Мамандардың айтуынша, сабындардың ішінде ең көп жұмысты талап ететіні – балаларға арналған сабын. Себебі балалардың терісі өте нәзік, жұмсақ және аллергияны тез қабылдағыш болып келеді. «Sulu sаbі» сабынының құрамындағы табиғи ланолин, сүт протеиндері мен Е дәрумені жұмсақ тазартуға және ылғалдандыруға әсер етеді.

«Sulu» сабындарын Ресейге және Қытайға экспорттайды. Шетел компанияларының, оның ішінде Қытайдың біздің сабынға сұранысы жоғары екен. «Sulu» сабындары өздерінің бақталасы ретінде «Джонсон & Джонсон» сабындарын санайды.

«Жылдар өткен сайын сабын сапасын жоғалтпайды, керісінше дұрыс сақталуымен жақсы қасиеттері артып, алғашқы жұпар иісі – тамаша нәзік иіске өзгереді. Балалар сабыны көлемді көбік берумен қатар, теріні құрғақ болудан сақтайды. Сабынды 60 жылға дейін сақтауға болады. Уақыт өте келе ол өзінің емдік қасиеттерін жоғалтпайды, әлдеқайда күшті болады», – дейді мамандар.

Сабын таңдағанда көп адам құрамына мән бермейді, тек иісіне қарай таңдайды. Бұл дұрыс емес. Сабын алатын кезде міндетті түрде құрамына қарау керек. Жақсы сабын жағымды иіс шығарады, бірақ сабынның иісі қатты шықса абай болыңыз. Осы әдіспен сабын өндірісінде жануар майының ащы иісін жояды. «Sulu» сабындарының құрамына жануар майы, зиянды бояулар, консерванттар, химиялық реагенттер кірмейді. Тек табиғи ингредиенттерден жасалады.

«Біздің сабындармен тіпті басты жууға болады, сонда шаш тез өседі. Тері ауруларына жақсы көмектесетін «Sulu dегmа» сабындарымыз бар», –дейді технолог. «Sulu» сабын зауытында 40-қа жуық жұмысшы бар. Сабындардың жасалуын, шығарылуын қадағалайтын технолог маман да жұмыс істейді. «Sulu» компаниясының бас технологы – Ата Кемал Челик. Өз ісінің маманы. Бұл салада 30 жылға жуық жұмыс істеп келеді. Түрік болғанымен, «Отаным – Қазақстан»дейді.

Сабынның құрамында қандай заттар бар екенін қалай білуге болады? Құрамы дұрыс сабынды қолданудың қандай маңыздылығы бар? Осы сұрақтарға жауап алып көрген едім.

«Кей кезде сабын құрамында қандай заттар бар екені толық дұрыс жазылмайды. Құрамында натрий талловаты (sоdіum tallоwаtе) бар сабынды алмауға кеңес береміз. Натрий талловаты – натрий тұздары мен май қышқылдарының қоспасы. Осы қоспа жануар майларының гидролизі арқылы жасалады. Көбіне осы қоспалар доңыз майынан немесе басқа жануар майларынан шығарылады. Адам терісіне тиіп кеткеннен кейін натрий талловаты 20 секундтан кейін теріге еніп, қан ішіне осы зиянды майлар сіңіп кетеді. «Sulu» сабыны – Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының «халал» сертификатына ие. Сабынға қосылатын барлық ароматизаторлар және экстрактілер органикалық», – дейді Ата Кемал Челик.

Отандық сабынды кез келген дүкенде сатады. Бағасы қолжетімді. Ал әлемдегі ең қымбат сабын туралы естулеріңіз бар ма? QаtагRоуаl Sоар –әлемдегі ең қымбат сабын. Оны ливандық компания шығарады. Салмағы 100 грамм болатын сабын 3,800 доллар тұрады. Сабын құрамына алтын бөліктері, зәйтүн майы мен балдың фракциялары кіреді, гауһар тастармен әшекейленеді. Міне, ғажап!

Мамандардың айтуынша, қатты сабынды пайдаланған қауіпсіз. Сұйық сабындар денсаулыққа кері әсерін тигізеді, терінің липидті қабатын бүлдіреді және тітіркену мен аллергиялық реакцияларды тудырады.

Жақында «Sulu» компаниясы «Таzа» деп аталатын жаңа сабындар шығаруды бастады. Ол да құрамы жағынан ерекше сабын.

Әлемдегі ең үлкен сабын зауыты – Түркияда орналасқан Еvуар зауыты. Болашақта «Sulu» зауыты да сондай дәрежеге жететініне сенеміз.

Экскурсия өте қызықты және танымдық сипатта болды. Отандық сабынымыздың сапасы жоғары екеніне көзім толықтай жетті. Ал ендеше достар, отандық өнімдерді қолдап, өз экономикамызға кішкентай болсын үлес қосайық!

Ақерке Қасымбекқызы,

147 гимназияның  түлегі.

«Ұланның» жас тілшісі.

Алматы қаласы

Источник: http://zhasorken.kz/otandy%d2%9b-sabyn-turaly-ne-bilemiz/?lang=uz

其他新闻
Казахстанский производитель успешно продаёт мыло в Китае
О нюансах ведения бизнеса в КНР рассказали руководители казахстанской мыловаренной компании
更多细节
«SULU» – ПЕРВОЕ КАЗАХСТАНСКОЕ МЫЛО
更多细节
SULU 在中国
哈萨克斯坦品牌SULU摆上中国超市的货架。
更多细节
肥皂的成分:对体质的影响。
关于牛脂酸钠杂录- 化学科学博士弟亚斯∙么尔杂扩扎(Diyas Myrzakozha )
更多细节
选择什么肥皂:液体还是固体?
关于液体肥皂杂录- 化学科学博士弟亚斯∙么尔杂扩扎(Diyas Myrzakozha )
更多细节
SULU BABY- 哈萨克斯坦第一婴儿香 皂。
妈妈和奶奶知道密码-没有比儿童肥皂更好的了
更多细节
天然提取物肥仔
SULU –您皮肤的美丽和光芒!
更多细节
问题皮肤的肥皂
更多细节
更改SULU标志
更多细节
关于棕榈油
更多细节